Жекеменшік балабақшаларды лицензиялау тәртібі қайта енгізіледі - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекеменшік балабақшаларды лицензиялау тәртібі қайта енгізіледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін балабақшаларға қаржы бөлу көбейіп кетті. Мұның бәрі олардың қызметі ашық емес екенін, азаматтық жауапкершілік жоқтығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, қоғам талабына сай емес», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті 2011 жылы балабақшалардың лицензия бойынша жұмыс істеу тәртібі тоқтатылғанын, мемлекет бұл қадамға амалсыздан барғанын айтты.

«Өйткені, мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен барынша қамтуымыз керек болды. Бұл ретте, жеке сектордың әлеуетін пайдалану маңызды еді. Нәтижесінде 2 және 6 жас аралығындағы балалардың 88 пайыздан астамы балабақшамен қамтылды. Енді қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді. Үкімет осы мәселені мұқият қарастыруы керек. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені, басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар