Жекеменшік су қоймаларына да мемлекет тарапынан қатаң бақылау жүргізілетін болады - Н.Қаппаров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекеменшік су қоймаларына да мемлекет тарапынан қатаң бақылау жүргізілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Жекеменшік су қоймаларына да мемлекет тарапынан қатаң бақылау жүргізілетін болады - Н.Қаппаров

«Қазіргі уақытта Сенат депутаттарының қарауында «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы жатыр. Она біз Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне меншік нысанына қарамастан кез келген су құрылғыларына бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін норма қарастырылған», - деді ол. Н.Қаппаровтың сөзіне қарағанда, елімізде 465 су қоймасы бар. Оның 75-і республикалық меншікке жатады. Ал Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі су көлемі 1 млн. текше метрден асатын қоймаларға бақылау жүргізеді. «Бұл жайтта Көкпекті су қоймасы жекеменшік болатын әрі ол жерде біздің бақылаудың болмағандығы белгілі. Дегенмен, аталған заң қабылданғаннан кейін меншік нысанына қарамастан кез келген су құрылғысы біздің бақылауда болады», - деді министр.