Жекеменшік тұрғын үйде болған өрт салдарынан алты жасар қыз бала қаза тапты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні күндіз Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Өрт алты сағаттан кейін, жергілікті тұрғындардың күшімен өшірілді - өрт сөндіру қызметі шақырылған жоқ. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 6 жасар қыз баланың мәйіті табылды.