11:30, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Жекеменшік үйде болған өрт салдарынан ер адам ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында жекеменшік үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы мен жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.
Өрттің салдарынан күйік шалған жас жігіт ауруханаға жеткізілді.