Жекеменшік үйде болған өрттің салдарынан бір әйел қаза болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Ақмола облысының Свободное ауылындағы 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Жекеменшік үйде болған өрттің салдарынан бір әйел қаза болды - ҚР ТЖМ

Өрт толығымен 2 сағаттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД-ның 5 адамы мен өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы жұмылдырылды.

Өрттің салдарынан 58 жастағы әйел қаза тапты. 4 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді.