Жекеменшік вагонда болған өрт салдарынан 3 жасар бала қаза тапты

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қапшағай қаласында кеше «Рыбпром» ЖШС-нің аграрлық цехында 200 шаршы метрге жайылған өрт болды.

Жекеменшік вагонда болған өрт салдарынан 3 жасар бала қаза тапты

Өрт бір сағаттан кейін жойылды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 12 қызметкері мен 3 техника бірлігі және ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің 13 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Өрт салдарынан термиялық күйік шалған үш жұмысшы ауруханаға жатқызылды.

Қызылорда облысының Әйтекеби кентінде үйдің ауласында тұрған вагон өртене бастады. Өрт бір сағаттан кейін толығымен жойылды.

Онымен ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 15 адамы мен 3 техникасы күресті. Жалын тілі 36 шаршы метрге тараған. Оқиға орнынан 3 жасар баланың мүрдесі табылды.