Жекенің қолында кеткен Қорғастың терминалы мемлекетке қайтарылды

қорғас
Фото: instagram.com/mcps_khorgos

АСТАНА. KAZINFORM — Прокурордың шағымымен «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығының мүлкі қайтарылды. 

Прокуратура органдары тексеру кезінде 2018 жылы 900 шаршы метрден асатын «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының багаж терминалы 90 млн теңгеге сатылғанын анықтады. 

Кейіннен 2023 жылы оның астындағы 1,9 га жер учаскесін 500 мың теңгеге уақытша пайдалануға қосымша сату-сатып алу шарты жасалды.

Алайда тараптар мүлік сату ережелерін сақтамаған, мүлікті бағалау бекітілген стандарттарды өрескел бұза отырып жүргізілген.

Оның үстіне жер телімін иеліктен шығару ғимарат сатылған соң 4 жылдан кейін жүзеге асқан.

Осыған байланысты прокурорлар бұл активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінді.

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының билғы 19 наурыздағы заңды күшіне енген шешімімен талаптар қанағаттандырылды, шарт жарамсыз деп танылды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram