Жекешелендіру: 70 нысан сатылымға қойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жекешелендіру қарқыны жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 25 млрд теңгеге 78 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Е. Жамаубаев.
Оның айтуынша, 70 объект сатылымға қойылды. 5 объекті таратылуға жіберілді.
«Алдағы уақытта 520 объектіні өткізу керек», - деді министр.
Еске салсақ, бюджетке кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірлерде асыра орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.