Жекешелендіру жоспары аясында 228 нысан 60 млрд теңгеге сатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекешелендіру жоспары аясында 228 нысан 60 млрд теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 нысанды сату көзделген болатын. Есепті кезеңде жалпы саны 670 нысаннан 228 нысан 60 млрд теңге сомаға сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта 74 нысан сатылымға шығарылған.

«Мұнан бөлек, 52 нысан қайта ұйымдастырылды және таратылды. 316 нысан сатылуы тиіс», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар