Жекпе-жек шебері Арман Оспанов бразилиялық спортшымен кездесу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 қыркүйек күні «ALMATY ARENA» спорт кешенінде «ALASH PRIDE» промоутерлік компаниясы «АСВ» промоушенімен бірлесе Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан тарихындағы ең ауқымды, халықаралық ММА турнирін өткізеді. Бұл кештің басты жекпе-жегі Арман «СҰҢҚАР» Оспанов  пен бразилиялық Тьяго «MANCHINHA» Луис Силва арасында өтеді.
None
None

Қазақстанның ең үздік файтері, "Alash Pride FC" сарбазы - Арман Оспанов кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесуге шығып, барлығында айқын жеңген. Ол әскери самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан әлем және ТМД чемпионы, әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы. Оның қарсыласы Тьяго Луис Силва (12-5) бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеудің иегері және «Shooto Brasil» ұйымының әлем  чемпионы.

«ALASH PRIDE - АСВ» - осы күздегі ең елеулі кәсіби аралас жекпе-жек жәрмеңкесі. Бұл ММА турнирінің аясында белгілі қазақстандық спортшылар, "Alash Pride FC" өкілдері - Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Бахтияр Несіпбек пен легионеріміз Мурод Хантураев және Игорь Свирид айқасқа түспек. Турнирде сегізбұрышқа  жалпы 15 жұп жекпе-жекке шығады. Олар Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері.

«ALASH PRIDE - АСВ» турниріне белгілі америкалық UFC рефериі- Джон Маккарти мен Херб Дин өзінің әділқазылар бригадасымен төрешілік етеді. UFC-дің үш дүркін экс-чемпионы Френк Мир тікелей эфирде аталмыш жекпе-жек кешінің комментаторы болмақ. 

Соңғы жаңалықтар