Жекпе-жектен азиялық ойындардың үшкүндік нәтижесі бойынша Қазақстан құрама командасы 4 алтын ұтып алды

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Кеше Бангкок қаласында (Тайланд) жекпе-жектен бірінші азиялық ойындардың 3-ші күні аяқталды,

Жекпе-жектен азиялық ойындардың үшкүндік нәтижесі бойынша Қазақстан құрама командасы 4 алтын ұтып алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы үшкүндіктің нәтижелері бойынша Қазақстан құрама командасы 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль ұтып алып, сайысқа қатысушы 40 елдің арасында 3-ші орынға ие болды. Көшбасшылық орындарға Оңтүстік Корея мен Жапония шықты. Азиялық ойындар тағы 5 күн өтеді.

Ойындардың бағдарламасына спорттың 9 жекпе-жек түрі кірді. Олар - кикбоксинг, муайтай, каратэ-до, таэквондо, пенчак силат, джиу-джитсу, дзюдо, кураш, у-шу мен кунфу.