Жексенбіде боран соғып, қалың қар жауады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет синоптиктері 28 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Pexels

Атмосфера фронттарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.

Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.

Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады. 

Полиция Астанадағы «қару арсеналы» туралы қауесетті жоққа шығарды
Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында мал ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды