Жексенбіде бірқатар өңірде тұман түсіп, 3 градус үсік жүреді

тұман, үсік
Фото: ҚазАқпарат

Қазгидромет синоптиктері 24 қыркүйек, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады.

Республика бойынша екпінді жел тұрып, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Сондай-ақ Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде топырақ бетінде 1-2 градус үсік бар. 

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары. 

Соңғы жаңалықтар