Жексенбіде күн күркіреп, нөсер жауын жауады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 14 шілде, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

жаңбыр
Фото: Pixabay

Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттар жаңбыр шақырады.

Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. 

«Елдің шығысында ғана антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Күндіз Алматы және Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық бар» дейді мамандар.

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай облыстарында өрт қаупі жоғары болады. 

Соңғы жаңалықтар