Жексенбі күні Астана және Алматы жаңа архиепископы Александр алғашқы діни рәсімін өткізеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Ертең, наурыздың 28-і күні Алматыдағы Свято-Воскресенский кафедралды соборында жақында Орыс Православ шіркеуінің Синоды тағайындаған Астана және Алматы архиепископы Александр өзінің осындағы алғашқы діни рәсімін өткізеді.
Бұл діни рәсім христиандар атап өтетін Верба (қызыл тал) жексенбілігіне арналады.
Бұдан бұрын хабарлағандай, архиепископ Александр бұл қызметке бұрынғы Астана және Алматы Митрополиті Мефодийдің орнына келді.