Жексенбі күні Бағдадта болған лаңкестіктің салдарынан 24 бала құрбан болған

АСТАНА.  Қазанның  27-сі.  ҚазАқпарат - Жексенбі күні Бағдадта  болған  екі  лаңкестік әрекеттің салдарынан   қаза тапқан 155  адамның     ішінде мектеп жасына  дейінгі  24 бала болған.

Жексенбі күні Бағдадта болған   лаңкестіктің  салдарынан 24 бала   құрбан  болған

Бұл туралы     дүйсенбі күні  Ирак елордасының  полициясы мен      медициналық қызметінің   өкілдері  хабарлады. 

Жанкештілер  мінген екі   автокөліктің    жексенбі күні таңертең    араларына  бір минут  салып   Әділет  министрлігі мен     Бағдад  муниципалитетінің  ғимаратының  жанында       жарылғанын  ҚазАқпарат  бұдан бұрын хабарлаған  болатын.

Балалардың     жарылыс ошағына  жақын   маңдағы   балабақшадан  кетіп  бара  жатқан    автобустың   ішінде  болғаны    анықталып  отыр.  Сондай-ақ,  автобус жүргізушісі    қаза болып,  тағы алты  бала    жарақат  алған.