Жексенбі күні бірқатар облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қараша күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында жауын-шашын болып, солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде ызғырық жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 
None
None

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, кейде секундына 30 метрден асады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады.

Павлодар облысында жел қарқыны 23-28 м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с жоғары болады. Бұрқасын, кей аудандарда қатты боран күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, ал күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с болады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Тұман, бұрқасын, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын байқалады. Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысында желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Біраз аймақтарында тұман, көктайғақ болады.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау, Түркістан облыстарының кей аймақтарында тұман күтіледі.

Маңғыстау, Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, тұман түсуі ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум