Жексенбі күні еліміздің бірнеше қаласында ауа тазарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қаңтардағы метеорологиялық жағдайға сәйкес, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Талдықорган қалаларында атмосфераның ластануы байқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жексенбі күні еліміздің бірнеше қаласында ауа тазарды

Синоптиктердің айтуынша, қолайсыз метеожағдай Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, КөкшетауПетропавл, Тараз, Орал, және Өскемен қалаларында байқалады.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазгидромет бірқатар қалада ауаның ластануына бақылау жүргізе бастаған болатын.