Жексенбі күні еліміздің солтүстік және шығыс өңірінде жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың оңтүстік-шығыс, батыс және солтүстік-батысының кей жерлерінде жауын-шашын болмайды, қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Жексенбі күні еліміздің солтүстік және шығыс өңірінде жел күшейеді

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел соғады, күші 15-20 м/с.