Жексенбі күні елордада автобустар жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 тамызда елордада қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қала әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, ж ексенбі, 23 тамызда қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктарда ауқымды дезинфекция жұмысы жүргізіледі.

Сенбі күні (22 тамызда) қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, жүргізушілер де соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жасайды. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Қоғамдық көлікке алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы карта, SMS, QRкод арқылы қолма-қол ақшасыз төленеді.

24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар