Жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 сәуір, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек Қазақстанның батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде желдің күшеюі, солтүстікте түнде кей жерлерінде және таңертең тұман күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 18-23, күндіз екпіні 28 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, найзағай бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман күтіліп, күндіз жел 18 м/с күшейеді.