Жексенбі күні Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында найзағай жарқылдайды.
Қызылорда, Қарағанды облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде тұман түседі, түнде найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.