07:20, 23 Қараша 2014 | GMT +5
Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде қар, көктайғақ, тұман болады, жел күшейеді. Солтүстік өңірде бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады, кей аймақтарда боран болып, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады, кей жерлерде 23-25 м/с-қа дейін барады, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстанда жел 15-20 м/с екпінмен соғады, бұрқасын болады. Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында да желдің күші 15-20 м/с-қа барады, тұман түсіп көктайғақ болады. Ақтөбе, Атырау облыстарында көктайғақ болып, 15-20 м/с екпінмен жел соғады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады, тұман, көктайғақ болады.