Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды болып, бұрқасындатады, көктайғақ болады, жел күшейеді. Қалған аумақта күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті 29 қарашадағы ауа райы болжамында.
None
None

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жаяу борасын жүреді.

Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады, бұрқасындатады, өңірдің басым бөлігінде желдің күші 17-22 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар