Жексенбі күні Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігінде, солтүстік-батыс және солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
None
None

Түнде республиканың солтүстік бөлігінің кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Маңғыстау, күндіз Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай болады. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау обьлыстарының кей жерлерінде өтте қатты ыстық күтіледі, күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар