Жексенбі күні Қазақстанның солтүстік аймақтарында өткінші жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Алматы облысында, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.