Жексенбі күні республиканың барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 желтоқсан күні Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашынмен, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.

Жексенбі күні республиканың барлық аймағында ауа райы тұрақсыз болады

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-22, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіліп, күндіз тұман, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз көктайғақ және жел 15-20 м/с болады. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел бұрқасынмен бірге 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіліп, кей жерлерінде бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 17-22 м/с болады.