Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болып, ыстық ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде бұрынғыша күн ашық болып, ыстық ауа райы сақталады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күн күркірейді, түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облыстарында кей жерлерде күн күркірейді. Күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Павлодар облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күшті ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады

Соңғы жаңалықтар