Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 ақпан күні Қазақстанның барлық аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп, желдің күші 15-22, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с болады. Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінже тұман болып, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 22-27 м/с күшейіп, екпіні 30 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман бақыланады