Жексенбі күні республиканың бірқатар өңірлерінде жел күшейеді - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 14 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде көктайғақ болып, жел күшейеді, еліміздің батыс пен солтүстік-батыс өңірлерінде ғана қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Жамбыл обылысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, тұман түседі. Батыс Қазақстанда тұман, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с жел соғып, бұрқасын болады. Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағандыда, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстанда, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау облысының бірқатар өңірлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар