Жексенбі күні жоғалып кеткен 10 адам Алмаарасан шатқалынан табылды
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облыстық республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) жедел кезекшісіне 28 тамыз күні сағат 12:03-те жексенбі күні демалысқа шыққан 10 адамның Алмаарасан шатқалында жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Іздеу-құтқару жұмыстарының барысында ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның 6 адам, 1 техника бірлігі және 1 қызметтік-іздеу итінің күшімен сағат 19:55-те барлық 10 адам табылды. Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер жоқ.