Жексенбіде Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 13 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жексенбіде Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 13 тамыз, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбеқаласында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.