Жексенбіде астана көшелерінде 144 жол-көлік оқиғасы тіркелген

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жексенбі күні астана көшелерінде 144 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
None

Бұл жайында Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Өткен тәулікте Астана жолдарында 144 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан екі адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғалары жүргізушілердің көктайғақ жағдайын ескермей, қозғалыс жылдамдығын, аралық интервал мен қашықтықты сақтамаудан туындап жатыр. Оның үстіне жол-көлік оқиғасына түскен көліктердің бәрінде жазғы дөңгелек болған», - делінген департамент дерегінде.

Осыған байланысты полиция өкілдері астаналық жүргізушілерге үндеу тастап отыр.

«Күн райының нашарлауына байланысты коммуналдық қызметтер қар тазалайтын техникаларды жұмылдырылды. Жүргізушілерді сақ жүріп, қоғамдық көлік пен қар тазалайтын техниканың қозғалысына кедергі келтірмеу үшін жол жиегіне көлік қаңтармауды сұраймыз. Қала тұрғындар мен қонақтарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп жазылған ресми мәліметте.
Сондай-ақ, департамент өкілдері қар басып қалған жолдағы сызықтарды көрмей ереже бұзған жағдайда жүргізушілерге айыппұл салынбайтынын айтып отыр.


Соңғы жаңалықтар