Жексенбіде ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жексенбіде ауа райы қандай болады

Оңтүстік циклон Қазақстанның бүкіл аумағына өз ықпалын тигізеді, тек республиканың ең шеткі солтүстігі мен солтүстік-батысы суық антициклон жотасының ықпалында қалады. Осылайша, жоғары температуралық контрасттар мен көлденең қысым градиенттерінің жоғарылауы аясында Қазақстан Республикасының аумағында фронтальды аймақ қалыптасады. Осыған байланысты, жауын-шашын жауады, солтүстікте қар жауып жаяу бұрқасын күтіледі, республиканың оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.

Ақмола, Павлодар облыстарының оңтүстік жартысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасынмен, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, жел 15-25 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында - тұман, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында – бұрқасын, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде – көктайғақ, тұман, күндіз облыс орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында - көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с күшеюі, облыстың шығысында – тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Атырау, Маңғыстау облыстарының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады.