Жексенбіде бүкіл өңірлерде құбылмалы ауа райы сақталады

Қазгидромет мәліметінше, республиканың барлық облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Солтүстік, шығыс аудандарда көбіне қар жауады. Оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жаяу бұрқасын соғады.
Ақмола облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында тұман болады, облыстың оңтүстігімен шығысында жел - 15-20, екпіні - 25 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел - 15-20, таулы асуларда жел қарқыны 25 м/с жетеді.
Батыс Казақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, күндіз көктайғақ. Желдің күші - 15-20 м/с.
Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с соғады, түнде облыстың шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман болады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метр екпінмен жел соғады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын,солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігі мен батысында жел қарқыны - 15-20 м/с.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, солтүстігінде, оңтүстігінде орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігі мен орталығында жел - 15-20, екпіні - 23 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында және орталығында секундына 23 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде желдің күші - 15-20 м/с. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман мен көктайғақ болады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.