Жексенбіде елдің басым бөлігінде жел күшейіп, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде циклонның және сонымен бірге ауа ағыны бөліктерінің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жексенбіде елдің басым бөлігінде жел күшейіп, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-28 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

Түркістан, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Костанай, Қарағанда облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, кей жерлерде Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.