Жексенбіде еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 сәуір, жексенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар республиканың 6 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.
Астана (түнде), Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Тараз, Шымкент қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.
Алматы, Ақтау, Аөтһбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Орал, Өскемен қалаларында метеорологиялық жағдайлар атомосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.
ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.