Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Ақмола, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ түсуі мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Кызылорда, Ақтөбе, Алматы облысының кей жерлерінде, Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күні ысып, кей жерлерде өте аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.