06:29, 25 Сәуір 2021 | GMT +5
Жексенбіде Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 25 сәуір күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның мәліметіне сенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтау, Нұр-Сұлтан, Қызылорда және Павлодар қалаларында болады.
Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.