Жексенбіде Қазақстанның қай қалаларында ауа ластанады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 31 қаңтар күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жексенбі күні Қазақстанның жеті қаласында – Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Семей, Талдықорған және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.
Басқа шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.