Жексенбіде күн жаңбырлы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары 9 сәуір, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жексенбіде күн жаңбырлы болады

Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады.

Еліміздің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кейде нөсер жаңбыр жауады.

Қазақстанның тек солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік пен шығыста – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – найзағай жарқылдайды.

Алматы және Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Маңғыстау облысында да қатты жаңбыр жауады.

Жетісу облысында түнде 2 градус үсік сақталады.