Жексенбіде Қырғызстанда парламент сайлауы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Қырғыз Республикасында парламент сайлауы өтеді, бұл аталған ел тарихындағы партиялық тізім бойынша өтіп отырған екінші сайлау, деп жазады «ТАСС».

Жексенбіде Қырғызстанда парламент сайлауы өтеді

Сайлау жергілікті уақытпен сағат таңғы 8-00-де басталып, кешкі 20-00-де аяқталады. Барлығы 2 374 сайлау учаскесі жұмыс жасайды, оның 36-сы шет мемлекеттерде болады.

Сайлауға 2 761 млн адам қатысуға құқылы. Сонымен қатар, өзге мемлекеттерден жұмыс іздеп кеткен 300 мыңнан 1 млн-ға дейін адам сайлауға қатыса алады.