Жексенбіде үш өңірде 1-2 градус үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет мамандары 11 қысркүйек, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Жексенбіде үш өңірде 1-2 градус үсік жүреді

Оған сәйкес, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Салдарынан жаңбыр, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ, найзағай жарқылдайды, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Тек елдің батысында антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.

Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.