Жексенбіде жел күшейіп, жаңбыр жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі Қазақстанның көп бөлігінде жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, 14 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлеріне жауын-шашын түседі, солтүстікте кей жерлерінде нөсер жауады, тек оңтүстік-шығыста және шығыста күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, найзағай, желдің күшеюі, бұршақ, оңтүстіктің кей жерлерінде дауыл, солтүстіктің кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай күтіледі, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жететін жел соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, шаңды дауыл соғады, жауынмен бірге 15-20 м/с күшті жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман түседі, найзағай жарқылдайды, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, Павлодар облысында найзағайлы жаңбырмен бірге желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Түнде Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде найзағай күтіледі.