Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» жексенбі-дүйсенбі күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

«Шілденің соңғы демалыс күндерінде, еліміздің солтүстігі және орталық облыстарында жауын тоқтамайды, температура +13...+25º градустан көтерілмейді.

Алдағы үш күнде Қазақстанның шығысында, дүйсенбіде оңтүстік және оңтүстік-шығысында, қысқа мерзімді нөсерлі-жаңбыр мен 15-25 м/с жел күтілуде. Шығыста температура +25...+33 -тен +20...+28º-ге дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30...+38-ден +25...+35º -ке дейін төмендейді. Батыста көбіне күн ашық, жауын-шашынсыз, күндізгі температура +28...+35º болады», - деп жазылған хабарламада.