«Жексенбілік климат 10/10/10» жаһандық шарасы барысында Қазақстан Президентінің резиденциясына күн панелі құрылғысын орнатуға ұсыныс жасалмақ

АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазанның 10-ы күні бүкіл әлем бойынша «Жұмысқа» ұранымен «Жексенбілік климат 10/10/10» атты экологиялық шара өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында 350 Қазақстан экологиялық қозғалысының өкілдері айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қозғалыстың ұлттық үйлестірушісі Павел Коктышевтің айтуынша, шара барысында токиолық сумошылар велосипедпен қала орталығында шеру өткізсе, Париж тұрғындары парник газдарын 10 пайызға азайту ұранымен шаралар өткізеді. Ал карачилік әйелдер күн пештерін қолдануға шақыру шарасын ұйымдастырса, филиппиндік студенттер өзен жағалауларын бекіту үшін 2 мың ағаш отырғызады. «Біз де Қазақстанда бірқатар шараларды өткізуді көздеп отырмыз. Осы бағытта қазақстандықтарды шараны қолдауға, әркім өз үйі маңында тазалық жүргізіп, ағаш отырғызуға, күн сәулесі арқылы жұмыс істейтін пештерді қолдануға шақырамыз», дейді Павел Коктышев. Оның айтуынша, қозғалыс мүшелері шара барысында Қазақстан Президентіне Астанадағы резиденциясының шатырына күн сәулесі панелін орнатуды ұсынатын хат жібермек. «Қазіргі кезде Елбасына арнайы хат жазылып, қол жиналуда. Бұл тек Қазақстанда ғана емес әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылады. Мәселен, бұндай ұсыныс Барак Обама, Ху Цзиньтао, Дэвид Камерон, Нұрсұлтан Назарбаев сынды әлемнің 8 көшбасшысына жасалынып отыр. Үндістан Премьер-министрі бұл ұсынысты қолдап, өз резиденциясына бұл құрылғыны орнатып үлгерді. Ядролық қару мен жаһандық экологиялық бастамаларды жүзеге асыру бағытында әлем көшбасшысына айналып үлгерген біздің Президентіміз қолдау білдіреді деп ойлаймыз.Ақорда шатырына күн панелін орнату халқымызға үлгі болып, экологияға үлкен қолдау болар еді», дейді экологиялық қозғалыс белсендісі.

Соңғы жаңалықтар