Жел, боран, көктайғақ: Елордада және бірқатар өңірде күн бұзылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

1, 2 қаңтарда Ақмола облысында қар жауады, боран соғады. Кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Осы күндері Көкшетау қаласында бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жел қарқыны - 15-20 м/с.

1 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде қалың қар жауып, көктайғақ күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, 23-28 м/с дейін күшейеді.

1,2 қаңтар күндері Нұр-Сұлтан қаласында қар жауады, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. 1 қаңтар - күндіз, ал 2 қаңтар - тәулік бойы көктайғақ болады.

1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.



Соңғы жаңалықтар