Жел энергетикасы саласындағы жобалардың даму перспективасына арналған семинар өткізіледі

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат. 2010 жылғы қаңтардың 14-інде «Қазақстан - жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы» БҰҰ ДБ/ҒЭҚ жобасы шеңберінде Астана қаласында Украина өкілдерінің қатысуымен жел энергетикасы саласындағы жобалардың даму перспективасына арналған семинар өткізіледі,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараларды ұйымдастырушылардың спикерлері ретінде Украина Жоғарғы Радасы жылу-энергетика кешені мәселелері бойынша комитетінің хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Александр Матвейчук және Украина жел энергетикалық қауымдастығының төрағасы Андрей Конеченков қатысады.

Әлемдік жел энергетикалық секторы өсу қарқынының орташа көрсеткіші 29%-дан астам болды, және ол жыл сайын ұлғаюда. Бұл дерек жел энергетикалық саланы дамытудың келешегін және мақсатқа сәйкестілігін растайды. Украина ТМД елдері арасында жел энергиясын пайдалану саласында көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл салада жаңа технологияларды енгізу «жасыл» тарифтерді пайдалану, ақпараттық саясат жүргізу және басқа шаралар есебінен ынталандырылады.

Осыған байланысты семинар тақырыбы Қазақстанның парниктік шығарындыларды төмендету жөніндегі міндеттемелерін және «жасыл» энергия өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру мүмкіндігін назарға алғанда, өте маңызды тақырып болып табылады.

«Қазақстан - жел энергиясы нарығын дамыту бастамасы» БҰҰ Даму бағдарламасы/ҒЭҚ жобасы ұйымдастырған семинар барысында тыңдаушылар нормативтік-құқықтық база және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауда Украинаның мемлекеттік саясатытуралы ақпарат алады. Сондай-ақ жел энергиясын тиімді пайдалану жөнінде нақты жобалар қарастырылатын болады.

Іс-шараға министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, қауымдастықтардың, ҒЗИ, бизнес құрылымдардың және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар