Жел, қалың қар, боран – сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Қазақстанда жел күшейіп, қар жауады, солтүстік өңірлерде боран соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жел, қалың қар, боран – сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

23 ақпанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, солтүстік-батыста және солтүстікте қалың қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында күн райы ашық болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз екпіні 30 м/с-ден асып кетеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 жетеді, кей жерлерде күшейіп 23-28 м/с, тіпті 30 м/с асып кетеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 жетеді, облыстың оңтүстік-батысында жел күшейіп30 м/с-тан асады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түнде Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, Ақмола облысында тұман түсіп, Қызылорда облысында көктайғақ болуы мүмкін.

Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, Маңғыстау облысында көқтайғақ болады, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде жел 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде жаяу боран соғады, тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу боран соғады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу боран соғуы мүмкін.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.