Жел, күн энергиясын пайдалану дәстүрлі қуат көздерімен салыстырғанда қымбат - Есберген Абитов

АЛМАТЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда "Инновациялар, энерго және ресурсжинақтау технологиялары электрэнергетика саласын жаңартудың негізі" деп аталатын энергетикалық форум өтіп жатыр.

Жел, күн энергиясын  пайдалану дәстүрлі қуат көздерімен салыстырғанда қымбат - Есберген Абитов

"Жел, күн энергиясын пайдалану дәстүрлі қуат көздерімен салыстырғанда қымбат. Егер бұл мәселе шешілсе жаңармалы энергия жобалары жүзеге асырылады. Сондықтан ең алдымен жобаның құнын анықтап, жаңармалы энергия көздерінен алынатын қуатты пайдалану тетіктерін жасау керек", - дейді "Самұрық-Энерго" АҚ-ның өндірістік-техникалық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Есберген Абитов. Оның айтуынша, қазіргі таңда көмірден алынатын энергия жел мен күннен алынатын энергиядан айтарлықтай арзан. Сондықтан халықтың жағдайын қиындатпау үшін өлшенбелі шешім қабылдау керек.